7 күндік диета

4
8750
7 күндік диета

Қалай тез арықтауға болады? Бұл сұрақ кез-келген арудың ең бірінші іздер сұрақтарының бірі. Бүгін біз сіздерге ұсынылып отырған бұл диета 7 күнге арналған. Күтілетін нәтиже — 5 кг. Диета ұстап жүрген кезде суды көбірек ішіңіз, қосымша витаминдер қабылдаңыз. Көбірек жаяу жүруге тырысыңыз, әсіресе жатар алдында аз уақытқа жаяу қыдырып, аздаған жаттығужасап келіңіз. Бұл диетаны ұстап жүрген кезіңізде тәтті, қамыр тағамдарын, спиртті сусындар мен сүрленген тұзды тағамдарды қолданбағаныңыз абзал.

Дүйсенбі

Таңғы ас: қантсыз кофе.
Түскі ас: асылған 2 жұмыртқа, 20 г сыр
Кешкі ас: капуста мен қияр қосылған зәйтүн майымен араласқан жеміс-жидек салаты

Сейсенбі

Таңғы ас: қантсыз кофе.
Түскі ас: асылған 1 жұмыртқа, 1 алма
Кешкі ас: асылған 1 жұмыртқа

Сәрсенбі

Таңғы ас: қантсыз шай
Түскі ас: 150 г творог, 1/2 сүт.
Кешкі ас:  капуста мен помидор қосылған зәйтүн майымен араласқан жеміс-жидек салаты

Бейсенбі

Таңғы ас: қантсыз кофе
Түскі ас: 1 жұмыртқа, 8 кепкен қара слива немесе балғын слива
Кешкі ас: 1 жұмыртқа

Жұма

Таңғы ас: қантсыз шай
Түскі ас: 100 г капуста немесе сәбіз салаты
Кешкі ас: 1 жұмыртқа

Сенбі

Таңғы ас: қантсыз кофе
Түскі ас:  2 алма немесе 2 апельсин
Кешкі ас: 1 стакан айран

Жексенбі

Таңғы ас: қантсыз кофе
Түскі ас: 30 г сыр, 1 апельсин немесе алма
Кешкі ас: 2 жұмыртқа

Диетаны 7 күннен артық ұстауға болмайды. 8- күні жеңіл-желпі тамақтануға тырысыңыз. Су мөлшерін азайтпаңыз. Сәттілік!

4 Пікір

Пікір қосу