40 жастағы Ева Мендес ана атанды

0
1254
40 жастағы Ева Мендес ана атанды

Голливудтың танымал жұлдызы, 40 жастағы актриса Ева Мендес ана атанды. Әйгілі актриса алғашқы сәбиін 12 қыркүйек күні дүниеге әкелген. Алайда, бұл жайлы тек бүгін ғана белгілі болды. 

Өзінің аяғының ауырлығын жақсы кұпияда ұстаған актриса қыз босанды, әзірге қыздың әкесі Райан Гослинг пен Ева Мендес қыздарының есімін құпияда ұстап отыр. Қыз бен анасы перзентханадан шығып өз үйлеріне оралды.

Голливуд жұлдыздары 2011 жылдың күзінен екеуі бірге түскен «Место под соснами» фильмінің түсірілімі аяқталғаннан кейін кездесе бастаған. Ева мендестің аяғының ауырлығы шілде айында белгілі болған болатын.

Ева Мендес пен Райан Гослинг

Пікір жоқ

Пікір қосу