2018 жылы үйлену той сәніне енген жаңалықтар

0
214

Көп қыздардың ең жауапты күні ерекше қалыңдық болғысы келетіні жасырын емес. Сән әлеміде қыздардың осы сұранысын қанағаттандыру үшін барын салуда. Бүгін біз сіздерді 2018 жылы үйлену той сәніне енген жаңалықтармен таныстырамыз. 

Үлкен банттар 

2018 жылы үйлену той көйлектердің көбінде үлкен банттар бар. Әдемі банттар қалыңдықтардың нәзіктігін аша түседі. Банттар үйлену той көйлектерінің жеңінен бастап көйлектердің артқы жағында орналасты. 

Marchesa Spring 2018

Monique Lhuillier Fall 2018

Жамылғы мен  и пелерина (мықынға жеткізбей иыққа жамылатын жамылғы)

2018 жылы иықты жабу қайта сәнге енді, осының салдарынан нәзік, капроннан тігілген жамылғылар қайта сәнге қайтарды. Жамылғы ретінде нәзік жамылғылардан басқа, үлкен орамалдар мен ақ күртешелерді де қолдануға болады. 

Sachin & Babi Spring 2018

Jenny Packham Spring 2018

80 жылдар стиліндегі іскери костюмдер 

Қалыңдықтар үйлену тойына тек көйлек кию керек дегенді кім айтты? Қазір әлемдік жұлдыздардың өзі үйлену тойларына іскери костюмдер киюді сәнге айналдырды. Осыны ескерген сәнгерлер қалыңдықтарға арналған іскери костюмдерді енгізді. Бұл сәнді киімді сіз тек бір рет қана кимейтініңіз анық. 

іскери костюмдер

Lela Rose Fall 2018

іскери костюмдер

Jenny Packham Spring 2018

Чокерлер

Чокерлер күнделікті қолданыстан үйлену той сәнінде қолданысқа еніп үлгерді. Меруерт тастары мен ленталар үйлену той көйлегінің аксессуары ретінде керемет үлесетінін анық. Той көйлегінің чокерлерін күнделікті қолданатын чокерлермен шатастырып алмаңыз, себебі олардың жасалуы ереше болуы керек. 

Чокерлер

Lela Rose Spring 2018

Чокерлер

Marchesa Spring 2018

Қолғаптар 

Өз қалыңдық көйлегіңізге ерекше қолғаптарды қарасытырыңыз, себебі олар сән әлемінен ерекше орын алған. Сіз бұл аксессуарды өрнектеліп тігілген органзадан ақ немесе қара түстісін таңдай аласыз. Бастысы той көйлегіңізге үйлессін.

Қолғаптар 

Monique Lhuillier Spring 2018

Reem Acra Spring 2018

Гүлді 3D-аппликациялар

2018 жылы сәнге енген той көйлектерінде гүлді өрнектер 3D-аппликация техникасының арқасында шынайы көрінеді. Дизайнерлер гүлдерді көйлек алдына, шлейфіне, бетперделерге де сала бастады. 

Гүлді 3D-аппликациялар

Viktor & Rolf Spring 2018

Elizabeth Fillmore Fall 2018

Бохо Ханшайымы

Егер сіз еркіндікті сүйетін хиппи болсаңыз онда «Бохо Ханшайымы» стиліндегі кез-келген көйлекті таңдай аласыз. Шілтерлі әрі жұмсақ тюльдермен үйлестіріліп тігілген әдемі нәзік көйлектер сіздің ерекшелігіңізді аша түспек, әрі көйлектер алдындағы ойықтардың санқырлығы сіздің батыл екеніңізді білдіреді. 

Бохо ханшайымы

Marchesa Notte Bridal Spring 2018 Elizabeth Fillmore Spring 2018

Өз ерекшелігіңізді айқындау түсу үшін үйлену той көйлегін таңдауда асықпаңыз. Замануи жаңалықтардан хабардар болып өз стиліңізді айқындап алыңыз. 

Пікір жоқ

Пікір қосу