2015 жылға Pronovias ұсынған қалыңдық көйлектері

0
3051
2015 жылға Pronovias ұсынған қалыңдық көйлектері

Биыл 50 жылдығын тойлағалы отырған Испаниялық үйлену той сән үлгісіндегі танымал бренд Pronovias 2015 жылға арналған эксклюзивті «Crystal Collection 2015«  деп аталған үйлену той көйлектерінің жаңа үлгісін ұсынды. Бұл топтамаға дәстүрге сай кең етекті белдемшелерімен ақ және ақшыл — қызғылт түсті көйлектер енді.  Барлық көйлектер шілтер мен декоративті кристаллдармен сәнделген. Crystal Collection топтамасы Нью-Йорктегі Pronovias фирмалық дүкендерінде 30- қарашадан бастап сатыла бастайды. Ал Алматыдағы дүкендерінде желтоқсан айының ортасынан бастап сатылымға шығады.

Pronovias көйлектері

Қалыңдық той көйлектерімен қоса Pronovias бренді қалыңдықтарға арналған қосымша аксесуарларында ұсынды. Оның ішінде фата, қолғаптар, сырғалар, шаш сәндеуге арналған шпилкалар, диадемалар, белдіктер, қалыңдықтардың той көйлегінің сыртынан жамылатын жамылғылар (күртеше, тондар,) бар.

Қалыңдықтардың той көйлектерінен басқа Pronovias қалыңдықтың құрбысына арналған кешкі көйлектер топтамасында ұсынды.

Пікір жоқ

Пікір қосу