My Weblog: kutahya web tasarim umraniye elektrikci uskudar elektrikci umraniye elektrikci istanbul elektrikci satis egitimi cekmekoy elektrikci uskudar kornis montaj umraniye kornis montaj atasehir elektrikci beykoz elektrikci

Үйлену той көйлектерінің танымал дизайнері Вера Вонг 2015 жылдың көктемі мен күзіне арналған өз үйлену той көйлектерін ұсынып үлгерді.
vera-wang-koilekteri
Көктемгі сән үлгісіне дизайнер танымал төрт топ-модельді шақырды-  Кэролайн Браш Нилсен, Элизабет Эрм, Настя Стен және Софи Туше.

2015 жылдың сәні ретінде танымал дизайнер қарапайым лиф пен көлемді, жеңіл белдемшемен үйлескен той көйлектерін және қарапайым стильде тігілген қымбат шілтер мен жібектен тігілген той көйлектірін ұсынды. 2015 жылы майка стилі сәнге шығатынын ескерсек бұл сәнге сай тігілген көйлектер болып саналмақ. Әрине, бұндай стильдегі көйлекті кию үшін сізге батылдық қана емес арқаңызды ашып жүретіндей мүмкіндігіңіз болу керектігін ескеру керек.

Барлық дизайнерлердің алды боп жүретін Вера Вонг 2015 жылдың күзіне де өз той көйлектерін ұсынып үлгерді. Бұл көйлектер топтамасында да қарапайымдылық басым болғанымен әр детальға үлкен мән берілгені көрініп тұр. Барлық ұсынылған көйлектерінде сезімталдық пен романтикалық әсер бірден білінеді. 

2015 жылға Вера Вонг ұсынған екі топтаманы көрген кезде сізге бірден «жеңіл» сөзі келеді, Вера Вонг көйлектердің жеңіл әрі еркін стильде болуына осы жолы көп мән берген. Сондықтан да ол екі топтамасында көбіне шілтерлі маталарды қолданған.

Пікір жоқ

Пікір қосу