2015 жылдың той сәні — гүлді қабырға

0
1686
2015 жылдың той сәні — гүлді қабырға

2015 жылдың жазы мен көктемінің ең сәнді тренді- гүлді қабырғалар (цветочная стена) болмақ. Кез-келген тойды гүлсіз елестете алмайтын нәзік жандылардың арманына енді өздері жақсы көретін гүлдерден жасалған қабырғалар толықтырмақ. Гүлден жасалған қабырғаларды далаға да, той залының ішінеде қоюға ыңғайлы. Ең бастысы ол кез-келген жерде әдемі көрінеді.

czvetochnaya-stena (6)

Гүлді қабырғаларды әр түрлі гүлден және өзіңіз қалаған бір түстен немесе түстерді араластырып жасатуыңызға болады. Гүлді қабырғаларды өзіңіз жақсы көретін кез-келген гүлден жасатсаңыз болады. Замануй қалыңдықтар гүлді қабырғалардағы гүлдерді өздерінің гүл шоқтарының түсімен үйлестіріп жасап жүр.

czvetochnaya-stena (29)

Гүлді қабырғыларды кеңінен қолдану танымал әнші Канье Уэст пен Ким Кардашянның 2014 жылы өткен үйлену тойынан бастау алды.

680x486 w_image_1400070212399_44536

Гүлді қабырғалар — суретке түсу үшін ең керемет фон. Мұндай декоративті дүниені дайындауға флористердің көп уақыты мен күші жұмсалады. Масштабына қарай алдын-ала флористикалық сетка қабырғаға жаңадан кесілген гүлдер мен алдын ала дайындалған оазистермен орнатылады. Гүлді қабырғаларды той басталардан 1-2 сағат бұрын әкелгенін қадағалаңыз. Гүлді қабырға — арзан қуаныш емес, алдын-ала флористтен бағасын нақтылап алған жөн.

Savannah Hilton Head Island Wedding Photographer czvetochnaya-stena (24) czvetochnaya-stena (26)

Пікір жоқ

Пікір қосу