2015 жылға Slanovskiy компаниясы ұсынған той көйлектері

0
2662
Slanovskiy компаниясы ұсынған той көйлектері

«Slanovskiy» компаниясы үйлену той нарығындағы ең жас европалық брендтердің бірі саналады, олардың бұл салада істеп келе жатқандарына 5 жылдың көлемі болды. «Slanovskiy» бренді жылына екі рет өз топтамаларын ұсынып отырады. «Slanovskiy» көйлектері бірден көзге түседі, себебі олар өз көйлектерін сәндеуде әдемі тастармен бірге шілтерлерді қолданады. Көп қабатты фата, декоративті гүлдермен сәнделген шлейф, корсетпен сәнді үйлескен жапондық бисерлермен, маржан тастар мен «Swarovski» кристалдарымен сәнделіп тігілген белдемшедер кез-келген қыздың әдемілігін айқындай түспек.

 14003_1-1873-850-650-90-rd-255-255-25514001_1-1869-850-650-90-rd-255-255-255

Slanovskiy компаниясы 2015 жылға арналған «Romantico» деген аталыммен жаңа өз топтамаларын ұсынды. Сатылым осы жылдың қазан айынан басталды. Бағасы 200 000 теңгеден басталады.

Slanovskiy  компаниясына қарасты Angelo Medici маркасы 2015 жылға арналған өздерінің «La tenerezza» (итал. «Нәзіктік») деп аталатын топтамасын ұсынды. Бұл топтама толықтай сатылымға қараша айынан бастап шықпақ. Бағасы 140 000 мен 300 000 теңге арасында болмақ.

Slanovskiy компаниясының үйлену той көйлектерін Астана қаласындағы арнайы Slanovskiy дүкенінен ала аласыздар.

Пікір жоқ

Пікір қосу