2014 жылға арналған жаңа той көйлектері

1
3488
2014 жылғы қалыңдық көйлектері

Өткен аптада, Париж қаласында танымал Paris Fashion Week атты сән апталығы өтті. Әлемнің танымал дизайнерлері мен сән үйлері өздерінің 2014 жылға арналған жаңа той көйлектерін әлем жұртшылығына таныстырды.   

Эли Сааб Зухар Мурад

Шығыстан шыққан Эли Сааб (Elie Saab) пен Зухар Мурад (Zuhair Murad) жылдағыдай ең керемет қалыңдықтың той көйлектерін ұсына алды.  Бұл жолғы жаңа көйлектердің ерекшелігі сол, көктемге сай түрлі-түсті түстермен және кристаллдармен бүрмеленіп тігілгендігі болды. Шілтер мен органза  Elie Saab мен Zuhair Muradтың коллекцияларының басты ерекшелігі.

Зухар Мурад 54c6f9df0ad804451cd33c775f3262df

54cae28d8b42407b6038139c71f15728 334b0e02ab231efe00e4e41fc3078adf

Карл Лагерфельдтың Chanelге арнап тіккен  жалтыраған той көйлегін танымал сән көрсетуші Кара Делевинь таныстырды.

Chanel Chanel

Ал ең батыл деген қалыңдықтарға арнап Леди Гаганың стильіндегі қалыңдық той көйлегін Жан-Поля Готье (Jean Paul Gaultier) ұсынды және ең есте қалатын көйлек ретінде музыка әлемінде танымал аруларға арналған нота таңбалары бейнеленген Valentino көйлегі болды. 

e508df304115318c3231772a240e6a03 4b1a17f24a7a6377c84651e4c471fe0b

Өздеріңіз көріп отырғандай, 2014 жылғы қалыңдық көйлектерінде ақ түстің маңыздылығы аз. Бастысы көйлек өзіңізге жарасып, сіздің көңіліңіз бен сәнқойлығыңызды көрсетіп тұрса болды.

1 пікір

Пікір қосу